Қазақ тілінің білгірлері Достық фестивалін өткізді - Павлодар
Павлодарда дәстүрлі Достық фестивалі аяқталды, деп хабарлады қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен. |
Фестивальге қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлттың 40 өкілі қатысты. Солардың ішінен ақтық кезеңге мемлекеттік тілді ғана емес, елдің тарихын және халықтың салт-дәстүрін де жақсы білетіндер шықты.
Қалалық мәдениет сарайыны сахнасында түрлі мамандықтың адамдары өнер көрсетті: медиктер мен энергетиктер, өрт сөндірушілер мен педагогтар, инженерлер қазақ тілінде әндер орындады, ұлттық аспаптарда орындаушылық шеберліктерін ортаға салды.
«Фестиваль осымен оныншы жыл қатарынан өткізілуде. Және жыл сайын оған қатысушылардың саны артып келеді, былтыр - 25 адам қатысса, биыл - 40 адам», - дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Мейрам Нұғманов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін