Жарияланды: 410

"Қазақмыс" балаларға 5 миллионнан астам теңгенің сыйлықтарын тарту етті

Балаларды қорғаудың халықаралық күні Қазақмыс 1,5 мыңнан астам балаға 5 миллионнан астам теңгенің сыйлықтарын тарту етті.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, олардың арасында Қазақмыс корпорациясының қамқорлығындағы 14 балалар үйіндегі тәрбиеленушілері де бар. «Балаларды қорғаудың халықаралық күні - ең әсерлі мерекелердің бірі. Біздің компания осынау күнді жыл сайын атап өтеді. Жаңадан мектеп, балабақша, спорт алаңы және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарды ашқан сайын біз балаларымыздың өмірін жақсарта түсіп, олардың болашағын жасай береміз деген үміттеміз», - дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма төрағасы, Қазақмыс тобы Директорлар кеңесінің мүшесі Эдуард Огай. Оның айтуынша, қазір компания қызметін жүргізіп отырған барлық аймақтарда балаларға арналған арнайы іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, Қазақмыс тобының Балқаштағы политехникалық колледжі ұйымдастырған «Балаларға жақсылық әкел" (Добро неси детям) қайырымдылық апталығы кезінде жиналған қаражат Балқаш қаласындағы балалар үйіне және «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть