Қазақстан 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап өлім жазасына мораторий жариялауы мүмкін - ҚР әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап өлім жазасына мораторий жариялауы мүмкін - ҚР әділет министрі

Қазақстан 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап өлім жазасына мораторий жариялауы мүмкін - ҚР әділет министрі

Қазақстан 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап өлім жазасына мораторий жариялап, оның орнына ғұмыр бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 19-тамызда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков хабарлады.

  • 19 Тамыз 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ғұмырлық бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді қарастыратын заң жобасы дайын . Сондай-ақ, әділет министрінің ақпаратына жүгінсек, ғұмырлық бас бостандығынан айыру жазасы кесілген тұтқындарды қамайтын қатаң тәртіпті абақтының техника-экономикалық негіздемесі де жасалып үлгерген. Алайда, О.Жұмабековтың айтуынша, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары мен оны салуға қаржы қажет. Бірақ арнаулы абақты құрылысы аяқталғанға дейін өмір бойы бас бостандығынан айрылған қылмыскерлер үшін қазіргі қолданыстағы түрмелердің біреуінің қолданылу мүмкіндігін министр жоққа шығармайды.

Бүгінде ҚР қылмыстық атқару жүйесінде 81 атқару мекемесі бар, олардың арасында 22 жалпы тәртіпті абақты, 19 қатаң тәртіпті абақты, 3 аса қатаң тәртіпті абақты, 24 түрмелік мекен, 4 кәмелеттік жасқа жетпегендерге арналған түзету мекемесі, 1 түрме, 8 арнаулы емдеу-түзету мекемелері бар.
Әділет министрінің мәліметіне жүгінсек, соңғы 5 жылда абақтыда отырғандар саны азайып, үстіміздегі жылдың орта шенінде 55 мың адамды құраған. Бұл 2002-жылғы желтоқстан айындағы көрсеткіштен 10 мың адамға аз. О.Жұмабектовтың пікірінше, бұл — бірқатар қылмыстық құрамды криминалдық аядан шығару жөніндегі заңның жүзеге асырылуына байланысты. Алайда, оның айтуынша, қазір темір тордың ар жағында отырғандардың 70 проценттен астамы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар. Соған қарамастан әділет министрінің пайымдауынша, абақтыда отырғандардың саны 53-55 мың адам деңгейінде тұрақтануы тиіс.

Соңғы жаңалықтар