Қазақстан 2015-2016 жылдары автожол салуға 321 млрд теңге жұмсамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2015-2016 жылдары автожол салуға 321 млрд теңге жұмсамақ

Қазақстан 2015-2016 жылдары автожол салуға 321 млрд теңге жұмсамақ

Қазақстан үкіметі алдағы екі- үш жылда республикада автожолдарды салу мен қайта құру үшін 321,3 млрд теңге бөлмек,

  • 20 Қараша 2014
  • 722
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев.
"Республикалық мәні бар жолдарды салуға және қайта құруға орталық-оңтүстік, орталық-шығыс, орталық-батыс бағыттары бойынша 321,3 млрд теңге бөлінбек. Оның ішінде 2015 жылы – 178 млрд, 2016 жылы — 143,3 млрд теңге", деді ол Астанада бейсенбіде президенттің "Нұрлы жол-болашаққа жарқын жол" деп аталатын жолдауын талқылау жөніндегі "Қазақстан-2050" жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясының отырысы барысында.
Жалпы ұзындығы 5 мың 452 шақырым жаңа ірі бес жол салына басталмақ. Оның ішінде Астана — Алматы 1300 шақырым, Астана -Өскемен- 950, Астана – Ақтөбе – Атырау – Астрахань -1600, Алматы — Өскемен (712 ), Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Павлодар (890 )шақырым, деді вице-премьер.
Бұл жобалардың орындалуы аймақтарда жаңадан 200 мыңнан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.