Биылғы жылы Қазақстан Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдік бәсекге қабілеттілік индексінде 34-ші орынға тұрақтады.
2012 жылы еліміз бұл көрсеткіште 32-ші орында болатын, деп хабарлайды Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты.
IMD рейтингіне әлемдегі ең бәсекеге қабілетті деген 60 ел енгізіледі. Индексті құрастыру барысында экономикалық қызмет, үкімет пен бизнес атқарып жатқан жұмыстардың тиімділігі сынды факторлар ескеріледі.
Биыл 34-ші орынға тұрақтаған Қазақстан Чехия (35), Эстония (36), Түркия (38), Үндістан (40), Бразилия (51) сынды мемлекеттерді артқа тастады.
Ал, ТМД елдері арасында көш бастап тұр (Ресей 42-орын, Украина – 49).