Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі.

  • 3 Сәуiр 2022
  • 41
Фото - Caravan.kz


Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Ведмоствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14041366 Құжат 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жария талқылауға шығарылған.