Қазақстанда алдағы 8-наурыз мерекесіне орай сенбі, 5-наурыз күні жұмыс күні болады, ал дүйсенбі, 7 наурыз күні демалыс күні болмақ.
Демалыс күнін ауыстыру туралы үкіметтің сәйкесті қаулысы еңбекшілерге демалуға қолайлы жағдай туғызу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қабылданды, делінген премер-министрдің сайтында берілген хабарламада.
8 наурыз Қазақстанда мемлекеттік мереке-Халықаралық әйелдер күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбіге келіп отыр. Үкімет қаулысына орай қазақстандық азаматтар 6-7-8 наурыз үш күн қатарынан демалады.