Жарияланды: 460

Қазақстан азаматы Дубайда лотереядан $1 млн. ұтты

Қазақстан азаматы Дубайда лотереядан $1 млн. ұтты

Қазақстанда миллионерлердің қатары бір адамға толықты.

Жерлесіміз  Омар Самаликов Dubai Duty Free сауда дүкені өткізетін лотереяда ұтты.  

Бастапқыда Дубайда бұл бір реттік қана ұтыс ретінде өткізілмек болған. Алайда ол көпшілікке ұнап, ойынды үнемі өткізу шешімі қабылданды, деп жазды «Экспресс К».

Өткен 15 жылда мұнда  Ұлыбритания, БАӘ және Филиппин азаматтары олжаға кенелген. Ал бұл көрсеткіш бойынша үнділіктер көш бастап тұр. Бұл елдің 17 азаматының бағы жанып, ұтысқа қол жеткізді.  

Жуырда қазақстандық Омар Самаликовтың да жұлдызы оңынан туды. Ол лотереяның 198-ші тиражының жеңімпазы атанды. 0, 5, 2 және 9 сандары арқылы қомақты қаржыға ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін