Жарияланды: 550

Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы мәжіліске тапсырылды

Бүгін, 4-қыркүйекте Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы мәжіліске тапсырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 14-мамырында Алматыда Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімге қол қойылған болатын. Тараптар келісім баптарына сәйкес Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін мемлекеттік шекара сызығының түйіліс нүктесін келісті. Мәміле бойынша бұл нүктенің географиялық координаттары 42°33\6 -тық солтүстік ендік, 49°53\3-тық шығыс бойлық сызық арқылы өтетін болды. ҚР парламенті мәжілісінің түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, аталмыш заңды қабылдау нәтижесінде Каспий теңізінің Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық учаскелерінің шегін белгілеу процессін заң жүзінде рәсімдеу жұмысы аяқталады. Сонымен бірге бұл, бірінші кезекте Қазақстанның Каспий теңізіндегі экономикалық мүддесін жүзеге асыруға оңды әсерін тигізіп қана қоймай, республикалық бюджет қоржынын толықтырғалы отыр. Сондай-ақ, еліміздің жылу-энергетика кешенін дамытуға салынатын инвестиция ауқымын арттырып, жалпы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты бес жақты саяси шешімнің түбегейлі дәйктелуіне жағдай жасағалы отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін