Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады
![]() |
Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады. Бұл туралы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров айтты. |
«Өздеріңіз білесіздер, былтыр экспортталған астық көлемі 7,3 млн тонна болған. Биыл да астықты экспорттау көлемі осы шамада болады деп жобалап отырмыз. Астықтың экспортқа шығатын тараптары - Орта Азия мемлекеттері, Иран, Пәкістан елдері. Биылдан бастап, Қытай мемлекетіне экспорттайтын астық көлемін ұлғайтамыз деген жоспар бар»,-деді ол.
Бұған дейін айтқанымыздай, биыл бастырылатын астықтың таза салмағы 17,3 млн тоннаны құрайды деген болжам бар.
«Қазғарыш»-пен бірге астықтың шығу жағдайына ғарыштан мониторинг жасап отырамыз. Сол мониторингтің берген алғашқы дерегіне сүйенсек, астықтың тазаланғаннан кейінгі таза салмағы 17,3 млн тоннаны құрайды деп жоспарлап отырмыз»,-деп толықтырды С.Омаров.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін