Жарияланды: 670

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін жаңа көліктердің импорттық салықтары төмендей ме?

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін жаңа көліктердің импорттық салықтары төмендей ме?

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін жаңа көліктердің импорттық салықтары

13,3 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына орай ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен хабарлады.

«Қазіргі уақытта жаңа көлік құралдарының орташа импорттық салық ставкасы шамамен 27,9 пайызды құрайды. Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін ставка деңгейі 13,3 пайызға дейін төмендейді. Бұл ретте жыл сайын импорттық салық 0,5-0,6 пайызға төмендеп, қорытындысында 10,8 пайыздық орташа деңгейге жетеді», - деді ведомстводан.

Дегенмен, бұрын қолданылған автомобильдерге импорттық салықтың жоғары деңгейі 25 пайыз көлемінде қала береді. Бірақ, кезең-кезеңімен импорттық салық 15 пайызға дейін төмендетіледі. Ал автобустар мен жүк көліктерінің импорттық салығы шамамен тауар құнының 10 пайызын құрайтын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін