М.Тәжиннің айтуынша, Қазақстан 4,8 млрд тонна көлемінде дәлелденген мұнай қорына иелік етеді, бұл әлемдегі жалпы мұнай қорының 3%-ын құрап, көмірсутегінің қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің ондығына кіреді. Жалпы алғанда 2007 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 67,2 млн тоннаны құрады, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 70 млн тонна, ал 2015 жылы 100 млн жуық тонна мұнай өндіру көздеслуде, оның басым бөлігі экспортқа шығарылады.
«Қазақстан өзінің әлемдік нарыққа энергетикалық ресурстар шығарушы мемлекет ретіндегі маңызының өсе түскенін сезінеді және жауапты әрі сенімді халықаралық серіктес ретінде қала береді. Ол үшін біз стратегиялық сипаттағы қосымша шараларды қолданбақпыз», — деді министр.
Қазақстан бұрынғыдай барлық ірі Еуразиялық құбыр жобаларына, соның ішінде каспий құбыр консорциумына, Баку — Тбилиси — Жейхан, Қазақстан — Қытай, Бургас — Александропулис, Каспий маңызы газ құбырына қатыса береді, деді М.Тәжин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті