Қазақстан фермерлер одағы биліктің астық нарығындағы ахуалға тиісінше көңіл бөлмей отырғанына наразы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан фермерлер одағы биліктің астық нарығындағы ахуалға тиісінше көңіл бөлмей отырғанына наразы

Қазақстан фермерлер одағы биліктің астық нарығындағы ахуалға тиісінше көңіл бөлмей отырғанына наразы

«Қазақстан Фермерлер одағы» РҚБ басшысы Әуезхан Дарынов үкіметтің отандық астық нарығындағы ахуалға тиісінше көңіл бөлмей отырғанына наразы.
«Ауыл шаруашылық министрлігінің жедел ақпарына қарағанда, облыстық ауыл шаруашылық басқармалары 17-қарашаға дейін 14,994 млн гектар алқаптағы немесе егіс алқабының 96,6 пайызындағы астық жинап алынған. Барлығы 18,311 млн тонна астық бастырылған. Әр гектардан 12,6 центнерден өнім алынған. Сонда тағы 504 мың гектар алқаптағы астық жиналмай, рәсуа болып жатыр», - деді Ә.Дарынов «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
«АШМ жедел ақпарларына қарағанда, қарашаның біріне дейін елімізде 16,758 млн тонна астық пен бұршақ дақылдары жинап алынған. Ал, Статистика комитетінің деректеріне қарағанда 14,136 млн тонна астық жиналған. Екеуінің арасында 2,622 млн тонна айырма бар. Мұны қалай түсінуге болады?», - деп атап өтті ол.
Бірлестік жетекшісінің айтуынша, жергілікті жердердің берген мәліметтері басқаша. Олардың мәліметінше, орылмай қар астында қалған астық көлемі жергілікті атқару органдары мен министрлік көрсеткен деңгейден әлдеқайда артық. Сол себепті министрліктің жалпы астық көлемі мен егістің шығымдылығына қатысты есептері күмән тудырмай қоймайды.
«Алайда, нақты ахуалды біле тұра аймақтарда төтенше жағдай жарияланбай отыр», - деді ол.
Ә.Дарынов фермерлер одағы бұл мәселені Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына жеткізгенін айтады. Ал, палата фермерлердің шағымын үкіметке жеткізіпті. Алайда үкімет әлі күнге дейін шара қолданбай отыр.
Түптеп келгенде қалыптасқан жағдай агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық нысандарының экономикасына кері әсер етпей қоймайды, дейді ол.
Сонымен қатар, маман биліктің экспортқа қатысты болжамдарына да күмәнданатынын жасырмады.
Министрліктің биылғы маркетинг жылында 7 млн тонна астық экспорттаймыз деген болжамына айтатын «үлкен дауым бар!», - деді Ә.Дарынов.
«Біріншіден, қажетті 2 млн тонна дәннің орнына 868 мың тонна себілді. Яғни, 1,2 млн тонна кем. Мұны тауарлық құрғақ астық есебінен толтыру керек. Дымқылдан қорғалған және сапалық жағынан 3-класс астығына ұқсайтын бұл партия астығы онсыз да көп емес. Ал, 3-ші және 4-ші кластағы астықтың экспортқа шығарылуы екіталай», - дейді ол.
Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде көп нәрсе ішкі тұтынуға және тұқымдық құрғақ астық резервін қалыптастыруға (кептірілмеген) байланысты болмақ. Өйткені, тұқымдық бидаймен қамтамасыз ету мәселесі Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік қазақстан және Қостанай облыстарында өткір болып тұр.
Бірқатар проблемаларға байланысты алдағы жыл қазақстандық диқандар үшін қиын жыл болады.

  • 21 Қараша 2014
  • 1188
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Фермерлер одағының төрағасы Әуезхан дарынов осылай деп мәлімдеді.
«Келесі жыл бұдан да қиын болатын түрі бар. Бәрімізге Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде, ресейлік және белорус әріптестерімізбен бәсекелесе отырып жұмыс істеуге тура келмек. Ауыл шаруашылық министрлігі мен әкімдіктер етек-жеңін жинап, көктемде тұқымдық астықсыз қалмау жағын қарастыруы тиіс», — деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
Биыл күзде фермерлердің басым бөлігі несие қайтару, лизингтік төлемдерін төлеу жағынан қиындық көріп жатыр. Осыған орай, мемлекет фермерлердің қарыздарын пролонгациялау, қайта қаржыландыру шараларын қолға алуы тиіс, дейді Ә.Дарынов.
Жалпы, бұл проблеманы кеңірек алып қарау қажет дейді сарапшы.
«Бір ғана пролонгациямен мәселе шешілмейді. Біздіңше, фермерлердің шығынын өтеп беру қажет. Бұл жерде біз нені меңзеп отырмыз? Мысал келтіре кетейін: солтүстік аймақтарда 1 тонна астық өсіруге 25-30 мың теңге шығын жұмсалады (1 гектардан 10 ц өнім алған жағдайда). Яғни, орылмай егіс даласында қалған астықты есепке алғанда биыл фермер 1 гектардан орта есеппен 5 мың теңге табыс табуы тиіс. Біз, мемлекетке төтенше жағдайды ескере отырып, шығын мен алынған табыс арасындағы айырманы өтеп беруді ұсынып отырмыз», — деді ол. Фермерлер әлі де болса алынған астықты сақтап қалуға, шығындалса да оны кептіріп алуға тырысып жатыр, деп қосты маман.
Ә.Дарыновтың айтуынша, аймақтарда астық қоймалары жеткілікті. Алайда, қыркүйек айының екінші жартысы мен қазан-қараша айларында орылған астық құрамындағы дымқыл деңгейі 30 пайыздан асып кетті. Есесіне, астықтың сапасы төмендеді.
«Астық компанияларының меншігіндегі астық қабылдау комбинаттары әдетте, өз өнімдерімізді өңдеп үлгермей жатырмыз деген сылтаумен алыс-беріс астықты қабылдаудан бас тартады», — добавил он.
Ауыл шаруашылық министрлігі биыл күзде астықты сатып алу бағасы жоғары деңгейде белгіленді, бұл фермерлердің шығынын өтеп береді деп мәлімдеген болатын. Ә.Дарынов мұнымен де келіспейді.
«Алқаптардағы егін орылмай рәсуа болып жатқанда қалайша біз фермерлердің шығыны бағаның есебінен өтеледі дейміз?», — деді ол.
Фермерлер мен біртұтас астық холдингінің бірлескен отырысында астықты сатып алудың «нақты» бағасын белгілеп, шаруаларға қолдау көрсету туралы шешім қабылданды, дейді маман.
«Бұл ұсыныс жұртшылық пен ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 5-класқа жататын бидайдың тоннасы 30 мың теңге тұрады. Ал, 3-ші кластағы бидайға сапасына қарай 42 мың теңгеден жоғары баға беріліп отыр. Бірақ биіл құрғақ астық аз. Дымқыл астықты тиісті деңгейге жеткізу үшін едәуір шығын шығару қажет. Мәселе осында болып тұр. Сондықтан бұл жерде астық жоғары бағаға сатып алынады, шығын сол арқылы өтеледі деуге мүлдем негіз жоқ», — деп атап өтті Ә.Дарынов.