Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар ассамблея туралы жеке заң жобасын жасау жөнінде бастама көтере алады - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар ассамблея туралы жеке заң жобасын жасау жөнінде  бастама көтере алады - президент

Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар ассамблея туралы жеке заң жобасын жасау жөнінде бастама көтере алады - президент

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. АСТАНА. Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар ассамблея туралы жеке заң жобасын жасау жөнінде бастама көтере алады, деп санайды Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ол бұл пікірін бүгін Қазақстан халқы ассасмблеясының 13-ші сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 720
Фото - Caravan.kz

«Ассамблеяның депутаттық тобының бастамасымен оның конституциялық мәртебесін ескере отырып, ол туралы жеке заң қабылдайтын кез келді деп ойлаймын»,- деді президент.

Сонымен қатар, оның пайымдауынша, Қазақстан халқы ассамблеясы шетелдерде ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісін паш етуді жалғастыруға тиіс. «Ассамблея соңғы екі жылда қазақстанның көпұлттық, конфессияарадық келісім, діни, өркендеу туралы келіссөздерді табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы Қазақстанның тәжірибесін дәріптеу жөніндегі арнайы сыртқы саяси бағдарламаларға қатысуда. Ассамблея мүшелері әлемнің көптеген елдеріне, халықаралық ұйымдардың бас пәтеріне барып жүр және де осы жұмыстарды жалғастыру қажет»,- деді Н. Назарбаев.