Жарияланды: 680

Қазақстан халықтары Ассамблеясының Х сессиясы еліміздегі ұлтаралық қатынастарға қатысты нақты тауқыметтерді шешуге бағытталуы тиіс - ҚР Елбасы

"2003-жылдың желтоқсан айына белгіленген Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезекті Х сессиясы еліміздегі ұлтаралық қатынастарға қатысты нақты тауқыметтерді шешуге бағытталуы тиіс". Бұл туралы бүгін, 27-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің 14 мүшесіне - ұлттық -мәдени бірлестіктердің басшыларына президенттік гранттар табыс ету барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, "бұл жиын еліміздің даму жолындағы оңды ағымдарды сақтап қалуға және оны арттыра түсуге әсер етуі тиіс". Н.Назарбаевтың пікірінше, "Ассамблеяны дамыту стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстардың бастамасы жаман емес". Елбасы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы алға қойған мақсаттарына қол жеткізеді дегенге сенім білдірді. Ал бұл өз кезегінде елімізді мекен ететін әр ұлт өкілдері арасындағы татулық, сыйластық, өзара төзімділігі мен ынтымақ-бірлігін нығайтып, әр ұлттың мәдени және рухани құндылықтарына деген құрмет-ілтипатты арттыра түсуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть