Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр

Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр

Қазақстанда азаматтарды міндетті уақытша тіркеуге алу туралы жаңа норма Халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер туғызды, әсіресе Алматы және Астанада. 

  • 10 Қаңтар 2017
  • 427
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы sputniknews.kz жазады.

Тұрақты тіркеу мекен жайы бойынша тұрмайтын қазақстандықтар, енді тұрғылықты жерде уақытша тіркелуге міндетті. Ол тәртіпті орындамаған жағдайда 10 АЕК (22690) мөлшерінде айыппұл салынады.  Қазақстанның өзге өңірлерінен жұмыс істеуге келген мыңдаған адамдар тұратын Астана мен Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер байқалуда.  Заңға түзетулерді әзірлеушілер бұрын уақытша тіркелу үшін адамдарға 15-20 минут уақыт қажет деген болатын. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Себебі – орындарда толық ақпараттың болмауы. Сол үшін адамдарға  бірнеше кезекке тұруға тура келіп жатыр.   
 

Соңғы жаңалықтар