«Біз бұл туралы үнемі айтып келеміз. Өткен жылы 52,3 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданған, оларды 42 млн тоннасы Ресей арқылы, Атырау — Самара және Орынбор арқылы өткен»,- деді Н. Назарбаев.
«Қазір Каспий құбыр консорциумының қуатын — 23 — тен 40 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі тұр, оны біз Владимир Владимирович екеуіміз жан-жақты талқыладық»- деді Қазақстан Республикасының президенті.
Оның пайымдауынша, «дәл осы қосылған 17 млн тоннаны Бургас — Александруполисқа жіберуге болады». «Бұл жобаға Қазақстан да қатысуға ниет білдіріп отыр және біз Ресей жағынан көрсетілген қолдауға ризамыз»,- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, екі жақ жаңа мұнай құбырын салу мен қолданыстағы құбырды кеңейту бір кезде аяқталу үшін Бургас — Александруполис мұнай құбырын тарту мен Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыруды қатар жүргізуге келісіп, бірлескен іс-шаралардың жоспарына жазды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті