Жарияланды: 450

Қазақстан Ливанмен қылмыскерлермен алмасуда өзара көмек көрсету туралы келісімге қол қоюға мүдделі

ҚР бас прокуроры Асхат Даулбаев Қазақстандағы Ливан елшісі Вазкен Кавлакянмен кездесу өткізіп, екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы бас прокуратура баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бас прокурор қарым-қатынас деңгейіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қосымша назар аударатын көптеген салалардың бар екене тоқталды. Атап айтқанда, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді беру туралы келісімге қол қою мәселесін айтуға болады», - деп көрсетілген сәрсенбі күні таратылған хабарда. Ливанның Қазақстандағы елшісі А.Дауылбаевты Бас прокурор лауазымына тағайындалуымен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастың кейбір мәселелеріне тоқталды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимыл саласын одан әрі дамыту және жетілдіруге мүдделілік танытты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін