Қазақстан мен Иранның арасында визалық режимді жою қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иранның арасында визалық режимді жою қажет

Қазақстан мен Иранның арасында визалық режимді жою қажет

егеранда қазақстандық-ирандық іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып тағайындалған «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев пен ирандық тараптан тең төраға Әмір Абеди өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.

  • 9 Ақпан 2016
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Ираннан санкцияларды алып тастау және қазақстандық-ирандық іскерлік кеңесінің алдағы жұмысы екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын жандандыру биылғы жылы басталатынына үміттенуге мүмкіндік беріп отыр. Іскерлік кеңес Иран мен Қазақстанның сауда-инвестициялық ынтымақтастығының, ғылыми-техникалық өзара ықпалдастығының нығаюына көмектеседі», — деп түсіндірді құжатқа қол қойылуын «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан — ТМД елдерінің арасында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы. «Соңғы 10 жылда мемлекет 215 млрд.-тан астам АҚШ доллары сомасына тікелей инвестицияларды тартты. Аталған үрдіс Мемлекет басшысының тапсырмасымен шетелдік капитал үшін тартымды жағдайлар жасалып отырғанынан хабар береді», — деп атап өтті Қуандық Бишімбаев.

Өз кезегінде, ирандық-қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасы Әмір Абеди Иранның банк жүйесі қазақстандық банктермен корреспонденциялық қатынастарды жүргізу үшін ашық болып отырғанын атап өтті. «Банктердің өзара ықпалдастығы мәселесін шешу маңызды. Онсыз сауда-инвестициялық өзара ықпалдастықты дамыту мүмкін емес. Бұдан басқа, Қазақстан мен Иранның арасында визалық режимді жою қажет. Қазіргі кезде Иранның 190 елмен визаны әуежайларда алу жүйесі жұмыс істеп отыр», — деді Әмір Абеди.

«Қаржылық жүйе бірінші кезекте саудаға қызмет етеді. Қазіргі уақытта Иранның 9 банкі SWIFT халықаралық төлем жүйесіне қосылғаны туралы ақпарат бар. Біздің делегациямызда ирандық қаржылық институттармен қатынастар орнатуға қызығушылық білдіріп отырған қазақстандық банктердің өкілдері бар», — деп қосты Қуандық Бишімбаев.


Іскерлік кеңестің қорытындылары бойынша Ираннан санкциялар алынған соң алғашқы келісімшартқа қол қойылды. Қазақстандық «Meat Processing and Service»  компаниясы Иранға 30 млн. долларға ет өнімдерін жеткізу туралы келісімшарт жасасты.