Қазақстан мен Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Италия Республикасының Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2016
  • 455
Фото - Caravan.kz


Шара барысында Италия мен Қазақстан арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы мәлімдемеге қол қойылды.

Кездесуді италияндық және қазақстандық бизнес өкілдері жалғастырды. Шетелдік делегацияны «INALCA» Вице-президенті Луиджи Скордамалья, «Agrotecnica» компанияның директоры Микеле Д'Аразмо, «Rovani» компаниясының жетекшісі Оде Ровани, «EB Service» компаниясының директоры Марко Беретта және т.б. өкілдер құраған болса, қазақстандық өкілдерін «Евразия АгроХолдинг», «Шаңырақ», «Ақтөбе Жылыжай» компанияларының басшылары, «Қазақстанның ет бірлестігі», «Құс өсірушілер бірлестігі», «Ет-сүт бірлестіктерінің» жетекшілері құрады.