Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Мақтаарал өткізу пункті ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Мақтаарал өткізу пункті ашылады

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Мақтаарал өткізу пункті ашылады

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде Мақтаарал стансасы ашылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

  • 18 Наурыз 2015
  • 789
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, жалпы отырыста «2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.

Министрдің айтуынша, хаттаманың негізгі мақсаты екі елдің өткізу пункттеріне Мақтаарал стансасын енгізу болып табылады.

«Осының арқасында қазақстандық жүктерді Шардара су қоймасы аумағынан Өзбекстанның транзиттік теміржол учаскесін пайдалана отырып, өткізіп шығару қарастырылады. Ертеректе Мақтаарал стансасы бекітілген тізбеде болмағандықтан Өзбекстан тарапы осы бағыттағы Қазақстанның пойыздарын өткізбей келеді. Енді бұл мәселе толығымен шешімін тапты, бірақ өткізу пункттерін заңды тұрғыда беіту үшін мұны заңды тұрғыда ратификациялау керек», — деді Ә. Исекешев.

Оның айтуына қарағанда, аталғаннан бөлек, хаттамада Кеден одағының стандарттарына сәйкес келмейтін автомобильдер өткізу пункттерінің санын 10-нан 6-ға дейін қысқарту көзделеді.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады. 

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы 4 өткізу пункттерінің жабылуы ешқандай қиын салдар туғызбайды. 

Еске салайық, жалпы отырыста «2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.

Тоқтала кететін жайт, аталған хаттама аясында Кеден одағының стандарттарына сай келмейтіндіктен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 10 автомобиль өткізу пунктінің 4-еуі жабылатыны қарастырылған. Құжатты талқылау барысында депутаттар бұны азаматтардың еркін қозғалысын шектейтінін, ал заңды өту пункттері жойылса контрабандалық тауарлар өсе түсетінін айтқан болатын.


«Біз бұндай шешім қабылдамас бұрын арнайы талдау жүргіздік. Ал осы 10 пункт негізінен Кеңес одағы тұсында ашылған болса, соңғы үш жылда жабылатын төртеуі соншалықты пайдаланылған жоқ. Екіншіден, бұлар стандарттарға сай емес, оларды соған келтіру үшін үлкен қаражат қажет. Үшіншіден, соңғы үш жылда біз осыны зерттедік, сонда әлгі төрт пункттен басқа 6 өткізу орны ешқандай ауыртпалықсыз жұмыс істеді. Екі ел арасында күрделі жағдай тудырған жоқ», — деді Ә. Исекешев. Оның айтуынша, қалған 6 пункт бойынша кедергілер де болмаған, ешқандай шағымдар түскен емес.

«Егер мәселе туындаса біз бұған қайта оралып, қарауға әзірміз. Біз осы хаттаманы енді ғана ратификациялап жатқанымызбен, осы бағытта үш жыл бойы жұмыс істеп келеміз. Халық тарапынан ешқандай да шағым болған жоқ», — деді Ә. Исекешев.

Айта кетерлігі, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 10 өткізу пунктінің 4-еуінде 2012 жылдан бері қозғалыс шектелген.