Жарияланды: 310

Қазақстан мен Қырғызстанның вице-премьерлері екі елдің кеден және шекара қызметтерінің өз ара ықпалдастығын талқылады

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев сейсенбіде Астанада өзінің қырғыз әріптесі Өмірбек Бабановпен кездесті.

"Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, оның ішінде энергетика мен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды", делінген қазақстандық премьердің баспасөз қызметінен таралған хабарламада. Кездесу барысында сондай-ақ екі елдің кеден және шекара қызметтерінің өз ара ықпалдастығы талқыланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін