Қазақстан мен Қытай арасында салынатын бөгетке қанша ақша жұмсалады? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай арасында салынатын бөгетке қанша ақша жұмсалады?

Қазақстан мен Қытай арасында салынатын бөгетке қанша ақша жұмсалады?

Министрдің айтуынша, бөгет құрылысын бақылау үшін Қазақстан-Қытай комитеті құрылады. 

  • 30 Мамыр 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде "Шүкірбұлақ (Алмалы)" бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Құрылысқа қос тарап тең қаржы бөлетін болады. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 11,7 миллиард теңге. Бұған қажетті қаржы 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған… Биыл бізге 3,8 миллиард теңге бөлінді. Құрылыс мерзімі – 3 жыл", —деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәжілістің жалпы отырысында. 

Министрдің айтуынша, бөгет құрылысын бақылау үшін Қазақстан-Қытай комитеті құрылады. Селден қорғайтын бөгет құрылысына екі мемлекет тең қаржы бөледі.

"Бөгеттің жобасы жасалды, сараптамадан өтті. Қазір ол Қытай еліне берілді. Жобаны әзірлеуге екі елдің мамандары толықтай қатысты", — деді ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.


Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ

Соңғы жаңалықтар