Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 15 млрд долларға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 15 млрд долларға жетеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 15 млрд долларға жетеді

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 15 млрд долларға жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ Марат Тәжин Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечимен арадағы келіссөздерден кейін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 629
Фото - Caravan.kz

«Екі мемлекет басшысы тауар айналымын 2015 жылы 15 млрд долларға жеткізу міндетін қойған. Бірақ, сарапшылардың бағалауынша, біз бұл деңгейге біршама ерте, мүмкін тіпті, 2008-2009 жылдары жете аламыз деп айта аламыз», — деді ол.

Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен жылы екі ел арасындағы сауда-саттық $13,8 млрд жетіп, 2006 жылғымен салыстырғанда 66%-ға өсті. 2008 жылдың 4 айында тауар айналымының көлемі 4,8 млрд доллар болды, бұл өткен жылғы осы мерзім көрсеткіштерімен салыстырғанда отыз пайызға артық.

Бүгінде Қытай еліміздің сауда саласындағы әріптестерінің тізімінде 4-ші орында. Қазақстанның сыртқы саудасында ҚХР үлесі 10% асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті