Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 5 млрд долларға жетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 5 млрд долларға жетпек

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 5 млрд долларға жетпек

Астана. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 5 млрд АҚШ долларын құрайды. Астанада өткен екі жақты келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүл алдарына осындай міндеттеме қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 350
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы екі ел арасындағы тауар айналымы қазіргі уақытта 1,5 млрд долларға жетті, деп атап өткен. «Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастық табысты даму үстінде және бүгінгі таңда ол өте жоғары деңгейге жетті», — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы. «Бұл сіздің алғашқы сапарыңыз және ол екі жақты қатынастардың әрі қарай дамуына серпін береді деп сенемін», — деді Қазақстан президенті Түркия басшысына арнаған сөзінде.

Өз кезегінде Абдулла Гүл: «Қазақстанның қарқынды дамуы екі жақты қатынастардың кеңеюіне негіз болды», — деп атап көрсетті.

Тілшілерге таратылған баспасөз баянында көрсетілгендей, мемлекет басшылары Анкарада 2008 жылдың тамызында өткізуді жоспарлап отырған үкіметаралық комиссияның келесі, яғни 5-ші отырысына дейін тараптардың кең ауқымды экономикалық жобаларды дайындап келуін құптаған.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, келіссөздерде энергетика саласында ынтымақтасу мүмкіндіктері, көліктік байланыстарды дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері кең көлемде талқыланды. Атап айтқанда, энергетикалық ынтымақтастыққа Жейхан портында мұнай өңдеу зауытын салу үлкен серпін беруі мүмкін екендігі айтылды. Оның жобасын Қазақстан жағы ұсынған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті