Қазақстан мен Түркия экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түркия экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен Түркия экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Түркия экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы бүгін екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүл Астанада өткен қазақстан-түркия бизнес-форумында мәлімдеді.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 704
Фото - Caravan.kz

«Елдеріміз арасындағы экономикалық қатынастарымыз толыққанды дамуда», — деп атап өтті Қазақстан басшысы. » Алайда, әлеуетіміз әлі жеткілікті, сондықтан жігерімізді Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастарды одан әрі қарқынды дамытуға бағыттауымыз керек».

Н. Назарбаев атап өткеніндей, екі ел арасындағы қатынастар ауыл шаруашылық, дәрі-дәрмек, көлік және энергетика салаларында кеңеюі тиіс.

ҚР президенті атап өткеніндей, «өткен жылмен салыстырғанда екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі бір жарым есеге артып, жыл соңына дейін 2 миллиард долларға жетеді».

Өз кезегінде Түркия басшысы, » екі мемлекет арасындағы қарым — қатынастарында мүмкіндіктер әлі жеткілікті», деді.

Сонымен қатар, ол айтқанындай, «Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы қарым-қатынастар жасау мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуде». Оның сөздері бойынша, бүгінде Түркияда Қазақстан капиталының қатысуымен 180 компания жұмыс істеуде.

Ресми деректер бойынша, 1993 жылдан бастап Қазақстан экономикасына құйылған түрік инвестиция көлемі 1,1 млрд долларды құраған, ал Қазақстан өз кезегінде Түркия экономикасына 350 млрд доллар жұмсаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті