Қазақстан Мысырға әуе рейстерін жандандыру мәселесін қарастырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Мысырға әуе рейстерін жандандыру мәселесін қарастырып жатыр

Қазақстан Мысырға әуе рейстерін жандандыру мәселесін қарастырып жатыр

Қазақстан Мысырдың Шарм-эш-Шейх шипажайына ұшуларды қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық аивация комитетіне сілтемемен РИА Новости агенттігі.

  • 16 Ақпан 2016
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Мысырдың Авиация министрлігі Қазақстан 19 наурыздан бастап Шарм-эш-Шейх шипажайлық қаласына ұшуларды қалпына келтіретінін мәлімдеген. Басқа бірқатар елдер сияқты, Қазақстан да ресейлік А321 әуе кемесінің Синайда апатқа ұшырауынан кейін Шарм-эш-Шейхқа ұшуларын тоқтатқан.

ААК-ның ақпаратынша, 18-22 қаңтар аралығында Қазақстан әуе авиациясының комиссиясы Шарм-эш-Шейх қаласының халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздік жүйесінің азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша инспекциялық тексерісін өткізді.