Жарияланды: 460

Қазақстан нарығында ЖҚС сату туралы ұсыныстар күрт көбейіп отыр - «Гелиос»

Қазақстан нарығында жанармай құю станцияларын (ЖҚС) сату туралы ұсыныстар күрт көбейіп кетті, деп мәлім етті «Гелиос» ЖШС маркетинг және сату жөніндегі директоры Денис Трандофилов.

«Қазіргі кезле бізге күнделікті түрде ЖҚС сату туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Бір немесе бірнеше ЖҚС сату туралы ұсыныстар жасалады.30ЖҚС желісі сатылады», - деді Д. Трандофилов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында. «Гелиос» өкілі есінде қалмағанын айтып, өздерінің ЖҚС-ларын ұсынған кәсіпорындарды атаудан бас тартты. Сондай-ақ, ол ЖҚС сату туралы ұсыныстардың көбеюін ЖЖМ нарығындағы жағдайдың нашарлауымен байланыстырды. «Бөлшек нарықты қатаң бақылап, көтерме нарықты мүлдем реттемейтін БҚА әрекеттері түсініксіз. Бұл нарыққа қарсы», - деді Д. Трандофилов. Бұрын хабарланғандай, «Гелиос»ЖШС бәсекелестікті қорғау агенттігінің аумақтық департаменттеріне сатылатын отынның бағасын қымбаттату туралы өтініштер түсірді: А-80 бензинін Т97-ге дейін, Аи-92 –Т113, ДО– Т113. «Гелиос» доминанттар реестріне енгізілмеген қалалар мен аймақтарда компаниябағаны осы деңгейге дейін біреттік тәртіппен өсірген. Компанияның мәліметтеріне сәйкес, ҚР мұнай және газ министрлігі 1 шілдеден бастап мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызды түрлеріне шекті баға белгіледі: АИ-92/93 бензиндері - Т102/л, АИ-80 - Т84/л, ДО - Т87/л. Бірақ шектеулер көтерме бағаларды қамтымайды, қазіргі көтерме бағалар: АИ-92/93 бензиндері - Т99-105/л, АИ-80 – Т84-95 /л, ДО – Т87-95 /л. Осылайша, ЖҚС қызметі шығынды болып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін