Жарияланды: 660

Қазақстан офицерлері БР Әскери академиясы аясында қайта дайындықтан өтті

Бүгін Минскіде Орталық офицерлер үйінде Беларусь Респбуликасы Әскери академиясы Қарулы Күштері Бас штабы факультетінің төртінші бітірушілері жиналды.

Бұл күні 44 адам, соның ішіндегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 10 офицері мемлекеттік және әскери басқару саласындағы маман дипломына ие болды, біздің жерлесіміз Фазылолла Бәденов оқу орнын алтын медальға бітірді. «Құрметті түлектер және салтанатты рәсімге жиналған қауым, бүгін Беларусь Республикасы Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін айтулы күн. Бүгін мемлекеттік және әскери басқару саласындағы жоғары білікті мамандардың кезекті жасағы біздің Қарулы Күштеріміздің қатарын толтырды», - деді өз сөзінде Беларусь Қорғаныс министрі Юрий Жадобин. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін