Жарияланды: 690

Қазақстан өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тауарлар көлемін ұлғайту арқылы Еуразиядағы негізгі таранзиттік мемлекетке айналуды көздейді -ҚР Елбасы

Ұзақ мерзімді стратегияға сәйкес Қазақстан өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тауарлар көлемін ұлғайту арқылы Еуразиядағы негізгі таранзиттік мемлекетке айналуды көздейді. Бүгін, 28-тамызда Алматыда басталған ашық теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттер министрлерінің, дамушы транзиттік және донор елдердің, сондай-ақ, транзитті тасымал саласын дамыту және қаржыландырумен айналысатын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен транзиттік тасымал саласындағы

ынтымақтастық мәселесіне арналған халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы Нұсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. Еуразияның кіндігінде орналасқан транзиттік әлеуеті зор Қазақстан көлік саласындағы ықпалдастықтың қажеттілігін басқалардан артығырақ сезінеді әрі осы саладағы кең көлемді ынтымақтастықтан мүдделі деді Елбасы. Сол себепті, бас қосудың қорытынды құжаты ретінде қабылданғалы отырған ғаламдық бағдарлама мүдделі елдердің транзит және транспорт саласындағы өзара ықпалдастығын дамытуға баға жетпес үлес болмақ. Мемлекет басшысының айтуынша, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің сауда айналымы жылына 300-600 млрд. долларды құрайды. Оның 50-120 млрд. долларын көлік шығыны құрайды екен. Болашақта көлік шығының өсімі жылына 6 процентті құрайды деп күтілуде. Соған қарамастан , Н.Назарбаевтың айтуынша, транзиттік мемлекеттер тарапынан транзит пен экспорттық-импорттық операцияларды мәжбүрлік реттеу құралдарын қолдану үрдісі белең алды. Көлік шығындарының әсіре ұлғаюы көптеген елдердің дүниежүзілік нарыққа шығуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты біз халықаралық сауда-саттықта мейлінше әділетті тәртіп орнатуды , транспорттық және транзиттік әлеуетті халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін тиімді пайдалануды қалаймыз. Сол үшін құрлықаралық бағыттардағы тасымал жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған үйлестіруші орган құру қажет. Көлік инфрақұрылымы мен жаңаша көлік дәліздерін құруға инвестиция тартудың өзектілігі арта түсті ,- деді Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін