Жарияланды: 590

Қазақстан парламенті "Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 18-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады. Регламентке сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Заңға сәйкес, алғаш рет өндіріске жіберілген және ҚР аумағына әкелінетін азық-түліктік және биологиялық активті қоспалар, генетикалық жолмен өзгертілген өнімдер, балалар тағамы, бояғыштар, сумен және азық-түлік тағамдарымен жанасатын материалдар мен бұйымдар мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Заң жобасында сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Заң жобасы бойынша Қазақстан аумағында өндірілетін жоғары және бірінші сортты барлық түрлі бидай ұнын міндетті түрде фортификациялау (байыту) тәртібі енгізіледі. Байытылмаған жоғары және бірінші сортты бидай ұнын Қазақстан аумағына әкелу, сату және өндіруге тыйым салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін