Жарияланды: 390

Қазақстан парламенті сенатының сайлауы халықаралық демократиялық стандарттар талабына сай келеді - Сайлауларды бақылау комитеті (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті сенатының сайлауы халықаралық демократиялық стандарттар талабына сай келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Сайлауларды бақылау комитеті" республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " Қазақстан парламенті сенаты депутаттарының сайлауы Қазақстанның сайлау заңнамасы мен халықаралық демократиялық стандарттар талабына сай бәсекелі әрі лайықты күрес ахуалында өтті". Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттары сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 4 қазан күні, Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі жарлығына сәйкес, еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында сенат депутаттарының сайлауы болып өтті. Аумақтық сайлау комиссиялары берген мәліметтерге қарағанда, дауыс беруге таңдаушылар тізіміне енгізілген 3310 мәслихат депутатының 3231-і, яғни 97,6 % қатысқан. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 213. Дауыс беру 37 кандидатура бойынша жүргізілді. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары сайлаудың бастапқы нәтижелерін дауыс беру күні - 4 қазанда - шығарды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін