Жарияланды: 340

Қазақстан премьер-министрі Кабулға сапармен барады деп жоспарланған - Тәжин

Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кабулға сапармен барады деп жоспарланған. Бұл туралы Вашингтондағы Карнеги қорында "Ғаламдық әлемдегі Қазақстан" даган тақырыпта баяндама жасаған ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М.Тәжин Қазақстан үкіметінің Ауғанстандағы 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралардың арнаулы жоспарын қабылдағанын, онда Ауғанстанға көмек ретінде $3 млн бөлу көзделгенін хабарлады. "Қазір 2009 - 2011 жылдарға арналған күшейтілген көмек жоспарын жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу уақыттарда Қазақстан үкімет басшысының Кабулға бірінші сапары жоспарланған", - деді СІМ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін