Кездесу барысында Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының даму перспективасы талқыланды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Ясуо Фукуда екі елдің көптеген халықаралық өзекті мәселелер тұрғысындағы ұстанымдары сәйкес келетіндігін хабарлады, деп көрсетілген баспасөз-релизінде.
«Мемлекет басшысы келіссөздердің қорытындысын жоғары бағалады. Олардың саясат пен экономика, технология мен мәдени-гуманитарлық салаларда екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны мәлім», — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Журналистерге берген брифингте Н. Назарбаев «Қазақстан-Жапония стратегиялық ынтымақтастығының жандана түсуі уақыт талабы», — деп ата көрсетті.
Бірлескен мәлімдемеде Қазақстан президенті мен Жапония премьер-министрі саяси диалогты табысты дамытуға деген берік ниеттерін білдірді, деп көрсетілген баспасөз-релизінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті