Жарияланды: 360

Қазақстан президенті мұрағатының жаңа төрағасы тағайындалды

Мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан президенті мұрағатының жаңа төрағасы болып Владимир Шепель тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осы тағайындауға байланысты В.Шепель ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұған дейін Қазақстан президенті мұрағатының төрайымы болған Людмила Дегитаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 56 жастағы В.Шепель тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығын игерген. 1971-жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. 1991-1995-жылдар аралығында президент хатшылығында меңгерушінің орынбасары және меңгеруші болып істеді. 1995-жылдың қазан айы мен 1996-жылдың наурыз айлары аралығында ҚР президентінің кеңсесін басқарды. 1995-жылдың қараша айынан бүгінге дейін ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін