Қазақстан президенті Павлодардағы заманауи құбыр жасау зауытының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Павлодардағы заманауи құбыр жасау зауытының ашылуына қатысты

Қазақстан президенті Павлодардағы заманауи құбыр жасау зауытының ашылуына қатысты

Павлодар. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодардағы заманауи құбыр жасау зауытының ашылуына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "МемлекеттікТәуелсіздік күні мейрамының алдында біздің дамуымыздың қорытындысы шығарылады. Мен екі жыл бұрын Қазақстанның индустриялық дамуы туралы айтқан болатынмын және әдеттегідей көптеген күмәнданушылар да болды. Сөйтсе де біз соңғы екі жылда бірқатар жоғарғы технологиялық өндірістерді іске қостық",- деді зауыттың ашылуында сөз сөйлеген президент.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Мен бүгін Қазақстан электролиз зауытының ашылуына қатыстым, мұндай зауыт ешқашан болмаған, ал қазір біз тағы бір жаңа зауытты ашып отырмыз»,- деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент мұнайгаз саласына арналған жапсарсыз құбырлар жасайтын жаңа зауытты дүниежүзілік құбыр өнеркәсібінде теңдесі жоқ бірегей кәсіпорын деп атады. Бұрын хабарлағанымыздай, құбыр жасау зауытының құрылысына 20 мемлекеттегі серіктестер 800 млн АҚШ долларын жұмсаған, оның жобалық қуаттылығы — жылына 270 мың құбыр шығарады. Кәсіпорынның жалпы алаңы 107 мың шаршы метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті