Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Павлодарға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Павлодарға келді

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Павлодарға келді

Астана. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Павлодарға келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Бұрын хабарлағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Қазақстан электролиз зауытының ашылу рәсіміне қатысады.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Бұл кәсіпорын «30 корпоративтік көшбасшы» атты мемлекеттік бағдарлама аясында бірінші жүзеге асқан инвестициялық жоба болып табылады. «Қазақстанның электролиз зауыты» АҚ еліміздегі алюминий кластерінің негізгі бастамасы болады. Зауыт құрылысына жоспарланып отырған қаржы мөлшері $850 млн құрайды. «Қазақстанның электролиз зауытының» құрылысы 2003 жылы басталған болатын. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаттылығы 250 мың тонна алюминий құймасын құрайды. Зауыт 125 тонналық қуаттылық кезекпен іске қосылып, алюминий құймасы шығарылады.

2007-жылдың 1 қыркүйегінде зауытта бірінші электролизер іске қосылып, оны күйдіру жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі күнде 60 электролизер кернеуге қосылған. Сондай-ақ, бірінші кезеңдегі нысандарға жататын өндірістік қуаттылығы 62,5 мың тонналық алюминий шығару жоспарланған, деп атап өтті облыс әкімшілігіндегілер. Ал 125 тонна қуаттылыққа 2008 жылы көшу көзделгендігін де айтып өтті. Сондай-ақ, екінші кезекті үш жылдың ішінде салу жоспарланған. Ал толық жобалық қуаттылыққа 2010 жылы ауысу көзделген. Зауыт толық жұмыс іске қосылғанда 1500 адам еңбекпен қамтамасыз етіледі. Қазір құрылыс-монтаждық жұмыстарға 900 адам жұмылдырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті