Қазақстан президенттігіне экс-кандидат Ж.Қалыбай жаңа саяси партия құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенттігіне экс-кандидат Ж.Қалыбай жаңа саяси партия құруды ұсынды

Қазақстан президенттігіне экс-кандидат Ж.Қалыбай жаңа саяси партия құруды ұсынды

Қазақстан президенттігіне экс-кандидат, “Аңыз Адам” журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай жаңа саяси партия  - ұлттық-демократиялық партия құруды ұсынды.

  • 30 Наурыз 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz


"Бізге ұлттық-демократиялық партия қажет. Жүз жыл бұрын “Алаш” болған сияқты қазір нағыз партия керек. Осы кезге дейін ондай партия болған жоқ. Билік мүмкіндік берсе, оны қолға алатын азаматтар баршылық”, деді ол Алматыда баспасөз мәслихатында.
"Менің ойымша, біздің қоғамда қоғамды жаңалауға қабілетті, оған тіреу боларлық партия жоқ. Керек болса, ондай партия билікке де қарсы тұрады. Бізде қазір билікке қарсыласуға шама жоқ. Бізге сондай партия керек“, деді ол. Сонымен қатар бас редактор атап өткендей, ұлттық –демократиялық партия ұлтшылдар партиясы болмайды. Ол мемлекеттік партия болады. “Біздің қоғам қазір дәрменсіз, бірдеңені өзгертуге болады, дегенге сенуден қалды, жарқын болашаққа сенуден қалды. Бізде батыл, әрі зиялы азаматтар көп, олардың осы идеяны қолдайтындығына сенемін, мен оларға қосылатын боламын, халыққа қызмет еткім келеді”, деді Ж.Қалыбай.
Ол сайлау алды жарыстан неге шығып қалғандығын түсіндіріп өтті. Ол ОСК-ға кандидат ретінде тіркелу үшін керек дауыс жинай алмапты, “уақыт аз болды”  деп айтты.