Жарияланды: 640

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 120,16 теңгені құрады

Алматы. 24 қараша. "Қазақстан Бүгін" - 24 қараша - дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,01 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 120,16 теңгені құрады.

Бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 182,250 млн долларды құрады. Ал жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 17,700 млн долларды құраған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін