Жарияланды: 340

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 146,79 теңгені құрады

30-шілде- сәрсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,04 теңгеге қымбаттап , бір долларға шаққанда 146,79 теңгені құрады. Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 9,670 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 9,620 млн. долларды құраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін