Жарияланды: 470

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 147,68 теңгені құрады

2-қыркүйек- сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,21 теңгеге арзандап , бір долларға шаққанда 147,68 теңгені құрады. Конституция күнін атап өтуге байланысты демалыс күніне орай дүйсенбіде сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 7,320 миллион долларды құрады. Ал өткен жұмада АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 9,165 млн. долларды құраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін