Қазақстан қор биржасындағы индекс 12-желтоқсанда 2,5 пайыз - 2483,97-ге дейін төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қор биржасындағы индекс 12-желтоқсанда 2,5 пайыз - 2483,97-ге дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы индекс 12-желтоқсанда 2,5 пайыз - 2483,97-ге дейін төмендеді

Алматы. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 2007 жылдың 12-желтоқсанындағы акция саудасының қорытындысы бойынша индексі 63,02 пунктке (2,5%) - 2546,99-дан 2483,97-ге дейін төмендеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

Биржа ақпаратына сүйенсек, күннің алғашқы мәмілесі индекс көрсеткішін 2530,63 деңгейінде көрсетті. Сауда барысында индекстің жоғарғы көрсеткіші 2530,63-ті, ал төменгісі — 2480,93 деңгейінде болды.

12-желтоқсан күні индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша мәмілелер көлемі өткен күнмен салыстырғанда теңгелік баламада 3,1 есе азайып, 745,2 млн теңгені (6,174 млн АҚШ доллары) құрады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «АТФБанк» АҚ акциясы бойынша free float өзгерісіне байланысты 2007 жылдың 14-қарашасына арналған түзету коэффициенті 1,2409464 көрсеткішін құрады.

Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір күндегі Қазақстан қор биржасы индексінің көрсеткіші ретінде сол күні биржада ең соңғы болып тіркелген индекс көрсеткіші алынады.

Қазақстан қор биржасы индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акция бағаларының өзгерісін көрсетеді. Бұл жерде акция эмитенттерінің капитализациялық деңгейі және еркін айналымдағы (free float) акцияларының үлесі ескеріледі. Сонымен бірге, біртектес акция бағасының индекс көрсеткішіне тигізетін әсері 15 пайыздан аспауы тиіс.

Индекс биржада әрбір мәміле жасалғаннан кейін қайта есептеліп отырады. Егер индексті есептеген күні қандай да бір акцияға мәміле жасалмаса, онда осы акциямен жасалған соңғы нәтижелі сауда мәмілесінің бағасы қолданылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті