Қазақстан өзінің атрибуттары, соның ішінде халықаралық саясатта құқықтары мен міндеттері бар дербес ел болып жарияланды. Декларация тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын әзірлеуге негіз болды. 2009 жылдан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілмейтініне қарамастан ол қазақстандықтар үшін және еліміздің саяси оқиғаларының күнтізбесіндегі маңызды күн болып қалады. Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор, белгілі тарихшы Бүркітбай Аяғанның айтуынша, егемендік туралы декларацияны қабылдау Қазақстанның тоталитарлық тәртіптен азат елді құруға дайын екендігін көрсетті. Бұл туралы astana.kz хабарлады.