Жарияланды: 650

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттары сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттары сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 4 қазан күні, Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі жарлығына сәйкес, еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында сенат депутаттарының сайлауы болып өтті. Аумақтық сайлау комиссиялары берген мәліметтерге қарағанда, дауыс беруге таңдаушылар тізіміне енгізілген 3310 мәслихат депутатының 3231-і, яғни 97,6 % қатысқан. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 213. Дауыс беру 37 кандидатура бойынша жүргізілді. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары сайлаудың бастапқы нәтижелерін дауыс беру күні - 4 қазанда - шығарды. Заң талаптары бойынша, дауыс беру қорытындылары жөніндегі хаттамаларды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Ортсайлаукомға 6 қазаннан кешіктірмей тапсыруы тиіс. Аумақтық сайлау комиссияларының бастапқы мәліметтері бойынша, 2008 жылғы 4 қазан күні Қазақстан Республикасы парламенті сенатының 16 депутаты сайланды. Барлық өңірлерде сайлаудың нәтижелері бірінші турда анықталды. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50% астамының дауысын алғандар: Ақмола облысы бойынша Жалмағанбетова Светлана Жақияқызы, 230 дауыс (барлық дауыстардың 86%). Ақтөбе облысы бойынша Әміров Иран Әмірұлы, 190 дауыс (96% жуық). Алматы облысы бойынша Сүлейменов Нұрлан Илиясұлы, 299 дауыс (93%). Атырау облысы бойынша Енсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 122 дауыс (97% жуық). Батыс Қазақстан облысы бойынша Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 181 дауыс (94% жуық). Жамбыл облысы бойынша Савченко Александр Георгиевич, 134 дауыс (90% жуық). Маңғыстау облысы бойынша Бортник Михаил Михайлович, 105 дауыс (95% жуық). Қарағанды облысы бойынша Кубайчук Юрий Алексеевич, 277 дауыс (99% жуық). Қызылорда облысы бойынша Баймаханов Қожахмет, 138 дауыс (97%жуық). Қостанай облысы бойынша Валиев Хусаин Хасенұлы, 269 дауыс (93% жуық). Оңтүстік Қазақстаноблысы бойынша Рахманбердиев Орынбай, 134 дауыс (83% жуық). Павлодар облысы бойынша Жұмабаев Ермек Жианшыұлы, 178 дауыс (89% жуық). Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Башмаков Анатолий Афанасьевич, 174 дауыс (81% жуық). Шығыс Қазақстан облысы бойынша Плотников Сергей Викторович, 297 дауыс (95% жуық). Астана қаласы бойынша Омаров Қайсар Оспанұлы, 17 дауыс (68%). Алматы қаласы бойынша Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы, 25 дауыс (76% жуық). Сайлау туралы Конституциялық заңға, Сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақтық қорытындыларын 10 қазаннан кешіктірмей шығаруы және бұл мәліметтерді 13 қазаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін