Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киев қаласының мэрі Виталий Кличкомен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киев қаласының мэрі Виталий Кличкомен кездесті

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киев қаласының мэрі Виталий Кличкомен кездесті

Украина астанасының басшысы «Менің екінші Отаным – Қазақстанның Елшісімен сәлемдесемін! Киевке қош келдіңіздер!» - деп, әгімесін бастады.

  • 1 Мамыр 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің Қазақстанда өткен балалық шақтарын жылы еске алып, кең байтақ дала, ұлы Тянь-Шань тауларымен қазақ халқының қонақжайлылығы оның жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

В.Кличко Киевтің экономикалық әлеуеті туралы хабарлады және қазақстандық бизнесті белсенді сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа шақырды. Ол бірлескен жобаларды жүзеге асыруда қажетті қолғабыс көрсететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Д.Кәлетаев Қазақстандағы инвестициялық ахуал, Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті туралы айтты. Ол екі астананың — Нұр-Сұлтан мен Киевтің «егізқала» қатынастарының аясында бірқатар экономикалық, мәдени – гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.


Сонымен қатар, сұхбаттасушылар COVID-19 таралуына қарсы тұру және халық пен кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша тәжірибе алмасты.

Соңғы жаңалықтар