Жарияланды: 490

Қазақстан РФ-нан қыркүйекте АИ-92 бензиннің шамамен 70 тоннасын импорттайды

Қазақстан РФ-нан қыркүйекте АИ-92 бензиннің шамамен 70 тоннасын импорттайды

 Тапшылыққа жол бермес үшін Қазақстан РФ-нан қыркүйекте АИ-92 бензиннің шамамен 70 тоннасын импорттайды,

    деп хабарлады "ҚазМұнайГаз"ұлттық компаниясының жетекшісі Сауат Мынбаев.
Бұл туралы ол жұмада Астанада баспасөз мәслихатында айтты.
Ол атап өткендей, ел бойынша АИ-92  минималды қалдығы әр айдың басына қарағанда шамамен 200 мың тоннаны құрайды.
"Қыркүйек айының басына қарағанда ондай қалдық 225 мың  тоннаны құрады. Өткен мерзім ішінде біршама қор жиған болатынбыз. Ай сайын тұтынушылық 270-280 мың тонна, маусым-шілдеде 300 мың тоннадан  болды. Қыркүйекте зауыттарда өндірілгені 120 мың тонна, теңге еркін құбылмалы бағамға жіберілгенге дейін бұрынғы бағамен контракті жасалғаны шамамен 40 мың тонна», деді ол.
Қазақстан үкіметі бүгіннен бастап АИ-92/93 бензиннің бөлшек саудасына бағаны мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін