Қазақстан Рим Папасы Францискті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Рим Папасы Францискті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға шақырды

Қазақстан Рим Папасы Францискті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға шақырды

20 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен келіссөз жүргізді және алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға Рим Папасы Францискке, Мемлекеттік хатшы Пьетро Паролинге және кардинал Жан Луи Торанға шақыруды табыс етті.

  • 21 Наурыз 2015
  • 532
Фото - Caravan.kz

Діни форум 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада болады.

Сенатор Съезге жан-жақты қолдау білдіргені үшін Мемлекеттік хатшы мен Ватиканның жоғары басшылығына ризашылық білдірді және Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы іс-қимылдың өнегесі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстан — 100-ден астам ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт және келісіммен өмір сүретін көпұлтты ел. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуда зор рөл атқарады. Қазақстан үшін толеранттық қағидасы мемлекеттік саясаттың ажырамайтын бөлшегі болып отыр. Өркениеттер үнқатысуындағы Батыс пен Шығыс арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылыс бізді қанаттандырады», — деп атап өтті И.Адырбеков.

Мемлекеттік хатшы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға шақыруы үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа алғысын білдірді және Ватикан форум жұмысына алдағы уақытта да белсенді қатысатынын жеткізді.