Қазақстан үкімет басшысы үкіметтің бірқатар қаулыларына экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы үкіметтің бірқатар қаулыларына экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады

Қазақстан үкімет басшысы үкіметтің бірқатар қаулыларына экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметтің бірқатар қаулыларына экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы барлық заң жобалары экологиялық сараптамадан өткізілсін деген нақты тапсырма берді. Меніңше, үкіметтің кейбір қаулыларының жобасына қатысты да осындай процедура жүргізу мәселесін қарастыру қажет. Ол түрлі шешім қабылдау барысында біздің экологиялық мәселені де қарастыруымызға мүмкіндік береді», — деді Кәрім Мәсімов.

Премьердің атап көрсетуінше, «жалпы экологиялық сараптама жүйесін жетілдіру қажет». Оның атап көрсетуінше, «дүниежүзінде бұл мәселелер аутсорсинг принциптерінің негізінде, басқаша айтқанда, өзге салалардың мамандарын да кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті