«2008 жылға арналған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулыда барлық көрпсеткіштер бюджеттік бағдарламалардың деңгейінде бекітілді»,- деді үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, сонымен бірге, бұл қаулымен «резервтер де таратылады». «260 млрд теңге былай бөлінді: 3 млрд теңге -табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резерв, кезек күттірмес шығындар — 256 млрд теңге, 450 млн теңге -сот шешімдері бойынша міндеттемелерді атқаруға арналған резерв және 600 млн теңге — жергілікті бюджеттердегі қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға арналған резерв».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті