Жарияланды: 700

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Әлеуметтік салықты 11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 - 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%-ға, 2010 жылы 6%-ға тең болмақ,- деді еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін